Ұлы Отан соғысының қаһарлы күндері Мәлік Ғабдуллин аса жауапты, майдан тағдырын шешетін операцияларға бас¬шылық жасады. Сондай бір ауыр тапсыр¬ма 1941 жылы Руза өзенінен немістерді Москваға өткізбеу еді. Сол жолы взвод автоматшылары көрші ротамен бірге жаудың шабуылын тойтару барысында қаптаған фашист қолының қоршауында қалады. Мәліктің алғыр ақылы, жауын¬гер¬лердің ынтымақ-бірлігі арқасында олар бұл тығырықтан шыға білді. Орман ішінде адасып қалған солдат топтарымен бірігіп, фашистердің мол қару жарағын, яғни 12 станокты пулемет, 20 қол пулеметін қолға түсіреді. Әрі 27 фа¬шист тұтқыны бар, 16 жаралы жауын¬герін кезектесе көтере жүріп әупіріммен диви¬зиясына қосылады. Мәліктің жаужүрек батырлығы жөнінде очерк жазған Борис Полевой темір өзек жауынгерлерін көзі¬мен көріп, таңғажайып ерліктеріне елжі¬ре¬ген дивизия командирі, генерал-майор И.В.Панфиловтың толға¬нысын былайша суреттейді. “…Өзінің көргісі келді. Сұңғақ бойлы, талдырмаш жасты Панфилов ұзақ айналдырып қара¬ды. Шынын айтқанда, Мәліктің денесіне соғыстың әскери киімі әлі қона да қойма¬ған кезі еді. “– Мә, саған ғылым адамы! Жарайсың! Жаман солдат болмас¬сың” – деді ол Мәлікке жарықшақты дауысымен. Сөйтті де, Мәлікті өзіне қарай тартып алып, кәдуілгі орыс халқының әдетінше, бетінен үш рет сүйді. Бұлардың қасында жақын тұрған адамдар, көп езу тартпай¬тын, салқын жүзді атақты генералдың сыр бермейтін жүзінде әкелік қуаныштың лап бергенін байқасып қалысты”, – дейді ол. Етігімен су кештіріп, қанды көбік жалат¬қан қатыгез күндер өз батырын осылай тудырды. Батыр Мәлік “өзіне қанша қатал болса, қарауындағы адамдарды да сонша жинақы, әрі әмірді бұлжытпай орындай¬тын халде ұстады”.
Енді бірде Ширяево селосының тұсында Мәліктің 13 адамнан тұратын атқыштар взводы фашистердің мұздай қаруланған бір батальонға жуық әскерін тоқтатуға жарлық алды. 5 танкісін беттеріне ұстаған жаудың қалың әскері лап қояды. Екі танкісі жанып, қыруар әскерін шығындап, “темір бекіністен” беттері қайтып, оқ нөсерін аямай төккен жендеттер кері шегінеді. Олар Кеңес автоматшыларын түгел жойдық деп ойлайды. Рота олардан хабар-ошарын үзеді. Топырақтың астында қалып, бірер адамынан ...