|
“Қазіргі жаратылыстану концепциялары” пәні және оның әлеуметтік маңызы [12 бет]
“Қазіргі жаратылыстану концепциялары” пәні және оның әлеуметтік маңызы [12 бет]
Жаратылыстану — адамзаттың рухани мәдениетінің айырғысыз құрамдас бөлігі. Оның қазіргі заманғы негізгі ғылыми қағидаларын, дүниеге көзқарастық және методологиялық пайымдауларын білу кез келген қызмет саласындағы мамандар үшін қажетті мәдени даярлықтың бір түрі болып табылады. Қазіргі кезде білімнің жеке салалары — жаратылыстану, әлеуметтік, гуманитарлық және техникалық ғылымдар бір-бірінен байланыссыз өз алдына табиғат, қоғам және адам жайлы біртұтас ғылыми білім бере алмайды, дүниенің біртұтас ғылыми бейнесін қалыптастыра алмайды. Дүниенің ең жалпы заңдылықтары туралы ғылым деп саналатын философия да жаратылыстану ғылымдарының көмегінсіз өзі ғана бұл міндетті орындай алмайды. Философиялық дүниеге көзқарастың өзі де табиғат туралы ғылымдар ашқан ғылыми жаңалықтарды біртұтас білімге біріктіруші дүниенің біртұтас жаратылыстану-ғылыми бейнесіне (көрінісіне) сүйенуі тиіс.
Қазіргі заманғы ғылымның дамуының маңызды бір заңдылығы — ғылыми білімдердің интеграциясы (бірігуі) мен дифференциациясы (жіктелуі) болып отыр.
Табиғатты танып білу барған сайын адам мен қоғамды танып білумен ұштасып келеді. Сөйтіп, мұның бәрі білім беру саласында гуманитарлық жоғары оқу орындарына "Қазіргі жаратылыстану концепциялары" деген жаңа оқу пәнін енгізу қажеттігін тудырды.
Қазіргі жаратылыстану концепциялары" курсында табиғатты танып білудің дүниеге көзқарастық және методологиялық проблемаларын оқу студенттердің дүниеге ғылыми козкарасын және теориялық ойын қалыптастыруға, жаратылыстану-ғылыми білімдерін өздерінің болашақ мамандығына байланысты қызметінде методологиялық жетекші ретінде қолдана білу қабілетін қалыптастыруға көмектесуі тиіс.
"Қазіргі жаратылыстану концепциялары" оқу пәнінің жалпы мазмұны туралы кәсіптік жоғары білім берудің Мемлекеттік білім стандартында (өлшемінде-авт.) былай делінген: жаратылыстану және гуманитарлық мәдениеттер, олардың өзара бірлігі, ғылыми әдісі, ғылыми танымның ерекшелігі мен құрылымы, ғылымның даму логикасы мен заңдылықтары.
"Қазіргі жаратылыстану концепциялары" пәнін оқытудың қажеттілігінің тағы бір кезек күттірмейтін себебі бар. Ол — соңғы кезде біздің елімізде түрліше ғылымға жат жалған білімдердің барған сайын кең етек алуы. Олардың қатарына астрологияны, магияны (сиқырлықты), эзотерикалық, мистикалық және басқа жалған мазмұнды ілімдерді жатқызуға болады. Соңғы 10-12 жылдың ішінде ол жалған ілімдер біртіндеп, бірақ айтарлықтай табанды түрде адамдардың санасынан жаратылыстану-ғылыми түсініктерді ығыстырып, олардың орнын жалған қағидалармен, діни уағыздармен толтыруда
...
Для получения этой работы Вам нужно отправить SMS сообщение на номер 3352 с текстом dam 207086. Не забудьте поставить один пробел между dam и номером. Все буквы в сообщении латинские. Стоимость SMS 500 тенге.
Пароль придет в течений 1-2 минуты на Ваш телефон в виде SMS сообщения. Введите полученный пароль в ячейку снизу и нажмите на кнопку "Ok".
|