Балалардың салауатты өмір сүруін отбасынан, балабақшадан бастап, одан кейін мектепте жалғастыруымыз керек.
Мектебіміздегі жан-жақты жабдықталған валеологияға арналған оқу бөлмесіне оқушылар қызығушылықпен келіп, сабақ барысында көп ақпарат алғылары келеді.
Оқушыларды дәрігерлік бақылаудан өткізгеннен кейін әр оқушыға жеке денсаулық паспорты арналды. Бұл жұмысты дәрігер, валеология пәнінің мұғалімі және сынып жетекшісі бірігіп атқарды. Нәтижесінде денсаулығында кінәраты бар балалар анықталды: көз жанары нашар, есту қабілеті төмен, дене сымбаты бұзыла бастаған, жүйке жүйесі ауыратын, асқазаны мазалайтын оқушылардың денсаулық мәселесі мұғалімдерді де ойландырды. Осының барысында оқушылардың денсаулық диагностикасын біле отырып алдын алу, сауықтыру жұмыстарын жүргізе бастадық. Мысалы, жүйкеге әсер ететін кикілжіңді жағдайлардың алдын алу, өзіңді өзің тануға арналған сабақтар, аутотренинг, жаттығу жасау, т.б.
Ата-ана, мұғалім және оқушыларды біріктіріп дөңгелек стол ұйымдастырылды, кеңес беру жұмыстары оқушылардың жас деңгейлеріне сәйкестендіріліп жүргізілді. Бұл жұмыстар СӨС қалыптастыруың Ұлттық орталығы ұсынған «Қалай ауырмауға болады» бағдарламасы бойынша, ҚР Ғылым минибтрлігі бекіткен 1-11-сыныпқа арналған оқу-әдістемелік құралдар негізінде іске асырылуда.
Көптеген СӨС қалыптастыру бағдарламарымен жұмыс істеп, өз іс-тәжірибеме сүйеніп 5-8-сыныпқа арналған бағдарлама дайындадым. Онда оқушылар тақырыпты толық меңгеруі үшін тақырыптар бөлімге бөлінген.
Бағдарламада, блок-схемалар, сабақ конспектілері берілген. Күнделікті сабақ беруде модульдік технологияны пайдаланамын
...